Арнайы экономикалық аймақта қазірдің өзінде 20 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, тағы 18 инвестициялық жоба іске асырылу кезеңінде.
Биыл «Павлодар» АЭА аумағында мұнай өңдеу зауыттарына арналған катализаторлар өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобаны қазірдің өзінде жеңіл мұнай өнімдеріне арналған қоспалар шығарып, оларды қазақстандық МӨЗ-дерге жеткізіп отырған «ҚазМұнайХим» компаниясы жүзеге асырады. Өндірісті кеңейту отандық жанармай мен мұнай өнімдерінің басқа да түрлерін барынша жергіліктендіруге мүмкіндік береді.
АЭА аумағында іске қосылған тағы бір жаңа кәсіпорын — «Еуразиялық механикалық зауыт». Мұнда металл бұйымдарын механикалық өңдеумен айналысады. Бұл – мұнай-газ, энергетика, қара және түсті металлургия салаларына арналған көп тонналы бөлшектер мен қосалқы бөлшектер болуы мүмкін. Қазірдің өзінде зауытта сандық бағдарламалық басқаруы бар 8 заманауи станок орнатылған, болашақта олардың санын 12-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
2011 жылдан бастап «Павлодар» АЭА-да жалпы құны 395 млрд теңгеден астам өнім өндірілді, 1628 жұмыс орны ашылды, 33,7 млрд теңге көлемінде салық төлемдері жасалды. Арнайы экономикалық аймаққа салынған бюджеттік қаражат пен жеке инвестициялар арақатынасы 1:12 құрады.