Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жаңа мектеп және жұмысшыларға арналған жатақхана: мемлекеттік қолдау павлодарлық бизнеске қалай көмектеседі

Жаңа мектеп және жұмысшыларға арналған жатақхана: мемлекеттік қолдау павлодарлық бизнеске қалай көмектеседі

Nov 21, 2025 | Жаңалықтар


«Даму» қорының құралдарын білім беру қызметтерін көрсететін кәсіпкерлер де, өндірісшілер де белсенді пайдалануда.

Павлодар облысында бірнеше жылдан бері «КЕО» мектебі өлкетану, жаратылыстану және қоғамтану бағыттарында жұмыс істеп келеді. Оның негізін қалаушы Елена Кисанова бастапқыда шағын балалар тобымен бастаған, ал бүгінде өңірдің шалғай ауылдарында да жұмыс істейтін үйірмелер желісін басқарады.

– Қазіргі уақытта біздің тәрбиеленушілеріміздің саны 2 мыңнан астам баланы құрайды, – деп атап өтті Елена Кисанова. – Биыл біз Павлодарда мектебімізді іске қостық, онда мектепалды жастағы балалар оқиды. Бұдан басқа, біз шет тілдерін және ғылыми-техникалық бағыттарды тереңдетіп оқытатын бастауыш мектепті ашу үшін лицензия алуға ниеттіміз. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры осы мектеп үшін ғимаратты сатып алуға көмектесті.

Мемлекеттік қолдауды жақында «РИТАМ-Павлодар» ЖШС басшылығы да пайдаланды. Бұл кәсіпорын көптеген жылдар бойы түрлі металл конструкцияларын, соның ішінде машина жасау саласына арналған бұйымдарды өндірумен айналысады. Компания өнімдерін тұтынушылар арасында Alstom, Stadler, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ сияқты ірі өндірушілер бар. Мысалы, Астанадағы электровоздар құрылысы зауыты үшін ғана «РИТАМ-Павлодар» ЖШС 5 мыңға жуық атаулы өнім шығарады.

– Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді, – дейді ЖШС өкілі Ардақ Жаншокова. – Тұрғын үймен қиындық көріп жүрген жұмысшыларымызды қолдау мақсатында, кәсіпорынның ғимараттарының бірінде жатақхана ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. «Даму» қорының құралдарының арқасында біз қызметкерлерімізге арналған үй-жайды жөндеп, жабдықтай алдық.

Жатақхана 19 екі орынды нөмірді және отбасылы жұмысшыларға арналған бес бір- және екі бөлмелі пәтерді қамтиды. Оны жаңа жылдан бастап қоныстандыру жоспарланған.