Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының мыңнан астам тұрғыны емханасын ауыстыру мүмкіндігін пайдаланды

Павлодар облысының мыңнан астам тұрғыны емханасын ауыстыру мүмкіндігін пайдаланды

Nov 20, 2025 | Жаңалықтар


Жаңадан таңдалған емханада пациенттер келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет ала алады.

Емханаға ерікті түрде тіркелу бойынша жыл сайынғы науқанның қорытындысы @pavlodar.rsk алаңында шығарылды. Денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі үйлестірушісі Айгүл Әбілхасанның айтуынша, науқан аясында Павлодар облысының 1024 тұрғыны емхананы ауыстыруды ұйғарған. Олардың 118-і мемлекеттік алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына, ал 906-сы жекеменшік ұйымдарға тіркелген.

Емхананы ауыстыру мүмкіндігі жылына бір рет 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында беріледі. Қызмет жеке өтініш білдіру арқылы немесе eGov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Науқан кезінде тіркелген пациенттер жаңа емханада келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет ала бастайды.