Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында эпидмаусым басталғалы бері 51 мың жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді

Павлодар облысында эпидмаусым басталғалы бері 51 мың жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді

Nov 20, 2025 | Жаңалықтар


Мамандардың айтуынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға аз.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы @pavlodar.rsk алаңында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова хабарлады. Оның сөзінше, жедел респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) ауырғандардың шамамен 60 пайызын балалар құрайды – бір айға жуық уақыт ішінде бұл 32 мыңнан астам жағдай.

– Тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымы кезінде аурудың алдын алу үшін жалпы сақтық шараларын сақтау қажет, – деп еске салды спикер. – Қоғамдық орындарға баруды шектеген жөн, суық тию белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасаудан аулақ болыңыз, қажет болған жағдайда бір реттік медициналық маска тағыңыз. Тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде үйде болған дұрыс, балаларды балабақшаға немесе мектепке жібермеңіз, ал аурудың алғашқы белгілерінде медициналық көмекке жүгініңіз.

Айта кету керек, эпидмаусым басталғалы бері Павлодар облысында А типіндегі тұмаудың 30 жағдайы тіркелді. Ауырғандар арасында 14 бала және 16 ересек адам бар.