Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Онлайн-сервис павлодарлық сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдетті

Онлайн-сервис павлодарлық сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдетті

Nov 13, 2025 | Жаңалықтар


Арнайы «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» сервисі бесінші ай жұмыс істеп тұр.

Цифрлық форматқа көшу жұмыстары туралы Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Айнұр Қанопьянова айтып берді. Жыл басынан бері Е-otinish платформасы арқылы жеке сот орындаушыларына қатысты 2 мыңнан астам өтініш түскен. Жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жеңілдету мақсатында Қазақстанда арнайы «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» сервисі іске қосылды.

– Ол атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға өтініш беруге, жауап алуға, атқару барысын бақылауға, сот орындаушыларының әрекеттерін бақылауға, берешекті төлеуге және орындаушымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді – мұның бәрі онлайн режимде жүзеге асады, – деп атап өтті спикер. – Сервисті енгізудің арқасында тараптар мен әділет органдары арасындағы өзара іс-қимыл ашық, қолжетімді және тиімді болды. Құжаттың орындалуы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, тараптар оларды сот орындаушысына онлайн-режимде қоя алады, қажет болған жағдайда құжаттарды тіркеп, сондай-ақ интеграцияланған төлем жүйелері арқылы берешекті өтей алады.

Сервиске eGov порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны) пайдалана отырып қол жеткізіледі, ал деректерді беру мемлекеттік байланыс арналары арқылы сенімді қорғалған. Жаңа онлайн-құралды енгізу қағаз жүзіндегі өтініштер мен әділет органдарына жеке келу санын қысқартуға, сол арқылы барлық атқарушылық процестің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.