Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 400 километрден астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді

Павлодар облысында 400 километрден астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді

Nov 19, 2025 | Жаңалықтар


Өңірдегі облыстық маңызы бар жолдардың 96 пайызы нормативтік жағдайда.

Павлодар облысындағы жол-құрылыс маусымының қорытындысы @pavlodar.rsk алаңында шығарылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омардың айтуынша, өңірде шамамен 445 километр жол төсемі жөнделді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көше желісін реконструкциялау және жөндеу бойынша 120 жоба сәтті іске асырылды.

Жылдың негізгі жетістіктерінің арасында – облыстық маңызы бар Ақтоғай – Шолақсор автожолының соңғы 30 километрінің қиыршық тасты төсемінен асфальтбетонға ауыстырылуының аяқталуы. Сондай-ақ, Майқайың – Екібастұз автожолына орташа жөндеу жүргізу бойынша екі жылдық жобаны іске асыру басталды, оны аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Аудандық деңгейде ұзындығы 15 километр болатын Амангелді ауылына кіреберіс жолды реконструкциялау аяқталды. Железинка – Веселая Роща – Мыңкөл автожолының соңғы 15 шақырымын асфальтбетонды төсемге ауыстыру толығымен аяқталды. 2025 жылы облыстың елді мекендеріндегі көше желісін жөндеуге ерекше назар аударылды. Жұмыстар 200 км көшені қамтыды, бұл тұрғындар үшін жүріп-тұрудың жайлылығы мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.