Бүгінгі таңда облыс орталығындағы 1277 көпқабатты үйдің 1209-ы ыстық суға қосылған.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалиакбаров қаладағы ыстық сумен қамту жағдайына тоқталды. Сынақтардан кейін желілерді жөндеу жұмыстары аяқталып, 5 маусымда 1209 үйге ыстық су берілді.
– 54 үйде желілерді қайта жаңғыртуға байланысты ыстық су берілмейді, – деп түсіндірді баяндамашы. – Бұл жұмыстар аяқталғанша, шамамен 25 тамызға дейін оларда ыстық су болмайды. КСК желісі арқылы тағы 14 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл қазандықтарды, үй желілерін және т.б. ауыстыру. Бұл жұмыстарды 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.