Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Қауіпсіздікті таңда: павлодарлық эпидемиологтар тамақтан уланудың алдын алу бойынша акция жариялады

Қауіпсіздікті таңда: павлодарлық эпидемиологтар тамақтан уланудың алдын алу бойынша акция жариялады

May 26, 2025 | Жаңалықтар


Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Павлодар облысында жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы 19 мамыр мен 19 маусым аралығында өтеді. Акцияның мақсаты – құрамында нитрат мөлшері жоғары жеміс-жидек пен бақша өнімдерін тұтынуға байланысты уланудың алдын алу.

– Бір ай көлемінде біздің мамандар тағамнан және нитраттардан уланудың алдын алу жөнінде ақпараттық материалдар таратады, – деп мәлімдеді @pavlodar.rsk алаңында cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова. – Сонымен қатар, халық арасында тағам өнімдерін, соның ішінде бақша дақылдарын таңдау талаптары туралы сауалнама жүргізіледі. Бейберекет сауда орындарында Ұлттық сараптама орталығының мамандары жеміс-жидек пен бақша өнімдеріндегі нитраттардың қалдық мөлшеріне жедел зерттеу жүргізеді.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жаппай тамақтан улану деректері тіркелмеген. Дегенмен, бақылау мақсатындағы сатып алу шеңберінде 4 ай ішінде 566 тағам өнімі үлгісі алынды. Оның 56-сы таңбалау мен физика-химиялық көрсеткіштерге сай келмегені анықталды. 883 килограмм стандартқа сай келмейтін тағам өнімі саудадан алынып тасталды немесе айналымнан шығарылды.