Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық полицейлер жазғы демалыс қарсаңында жастарға кеңес берді

Павлодарлық полицейлер жазғы демалыс қарсаңында жастарға кеңес берді

May 22, 2025 | Жаңалықтар


Жұмыс іздеп жүрген оқушылар мен студенттерге уақытша жұмыс туралы хабарландыруларға мұқият қарау ұсынылды.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы Ирина Тимиргалиева қазіргі таңда есірткі таратушылар қосымша табыс табуды көздейтін жастарды нысанаға алып отырғанын еске салды. Оқушылар мен студенттер көбінесе жеңіл әрі тез ақша тапқысы келеді. 2025 жылдың өзінде облыста есірткі қылмыстарына күдікті ретінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Олардың барлығына ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

– Мүмкін, кейбір оқушылар мен студенттер жазғы демалыс кезінде жұмыс іздейтін шығар, – деді спикер @pavlodar.rsk алаңында. – Хабарландырудың мазмұнына мұқият назар аударыңыздар. Мұндай хабарландыруды ата-анаңызға, ағаңызға немесе апаңызға көрсеткен дұрыс, осылайша бұл жұмыстың қандай да бір салдары болмайтынына көз жеткізесіздер.

Биыл Павлодар облысында 55 келіден астам синтетикалық есірткі және оларды жасауға арналған 642 келі прекурсор тәркіленді.