Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Қазақстанда су тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді

Қазақстанда су тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді

May 30, 2025 | Жаңалықтар


Енді коммуналдық қызметтердің тарифтері су және жылумен қамту қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты белгіленеді. Принципі — «қаншалықты үнемдесең, соншалықты аз төлейсің».

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, сумен қамту саласында енді төрт деңгейлі тариф қолданылады. Ол тұтыну лимитіне тәуелді болады.

— Егер тұтыну көлемі үш текше метрге дейін болса, қолданыстағы тариф сақталады, — деді @pavlodar.rsk спикері. — Ал егер тұтынушы 3 пен 5 текше метр аралығында су пайдаланса, тариф 20 пайызға жоғарылайды. 5 пен 10 текше метр аралығында – тариф 50 пайызға өседі. 10 текше метрден асқан жағдайда және су есептегіші жоқ тұтынушылар үшін екі есе тариф қолданылады.

Антимонополия қызметінің мәліметінше, табиғи монополия субъектілері қосымша алатын табыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басым бағыттарды шешуге жұмсалады. Коммуналдық инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуы мен энергия тасымалдаушылар бағасының қымбаттауы жағдайында коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу аса маңызды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңа механизм – ТКШ саласындағы энергияны үнемдеу мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі.