Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлермен қатар, өңірдің жас тұрғындары бейінді лагерьлерде де демала алады.
Павлодар облысында 334 мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады, онда 38 мыңға жуық бала демалады. Бейінді лагерьлерге келетін болсақ, олар колледждерде ашылады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары балаларды өз бейіні бойынша жұмысшы және басқа да мамандықтармен таныстырады. 25 колледждегі лагерьлерде 600-ден астам оқушы демалады деп жоспарлануда.
– Бейінді лагерьге қабылдауға өтініштер мектептерде қабылданады, – деді @pavlodar.rsk баспасөз конференциясында білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина. – Негізгі құрам жасақталған, бірақ қалаушылар әлі де болуы мүмкін. Егер қосымша өтініштер түссе, бейінді лагерьге жазылуға болады. Балалар болашақта оқуға болатын мамандықтармен таныса алады.
11 қала сыртындағы лагерь, оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» және «Балдәурен» лагерьлері 1900 баланың жазғы демалысын ұйымдастырады. 9 маусымдық қала сыртындағы лагерьлер 3168 баланы қабылдайды. Еңбек отрядтары бюджет қаражаты есебінен 2,2 мыңнан астам, ал бюджеттен тыс қаражат есебінен 9,5 мыңға жуық жоғары сынып оқушысын жұмыспен қамтамасыз етеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға келетін болсақ, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 420 баланың 200-ден астамының бос уақыты ұйымдастырылады. 4 арнайы мектепте 137 балаға арналған бейінді лагерьлер жұмыс істейді. Тағы 334 бала жаз бойы қала сыртындағы лагерьлерде демалады.