Астанада 8-14 қыркүйек аралығында халықаралық спорт форумы өтеді.
Батыс Африка халықтарының тоғызқұмалақ ойынына өте ұқсас зияткерлік және стратегиялық ойыны – асық ату мен овариден жарыста екі павлодарлық бірден Қазақстанның намысын қорғайды. Қазақтың асық ойынына ұқсас орда ойындағы стартқа тағы бір спортшы шығады. Сонымен қатар, екі спортшы күрестің әртүрлі түрлері – кураш пен абадан өнер көрсетеді.
– Біздің спортшылар Алматы мен Көкшетауда өткен оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, – деп атап өтті Қайырбаев атындағы Ұлттық клубтың директоры Дархан Жоламанов. – Қазір олар демалып, сауығып жатыр. 28 тамызда павлодарлық спортшылар Астанаға соңғы оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Павлодар облысының спортшыларынан бөлек жеті төреші жұмыс істейді: төртеуі тоғызқұмалақтан, бір адам асық атудан, бір адам көкпардан, бір адам құсбегіден. Халықаралық спорт форумына барлығы 89 елден 2800 спортшы мен ресми делегация мүшелері қатысады. Ойындарда спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.