Тереңкөлде жаңа екі пәтерлі үйлердің құрылысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы сұрау ниеті бар. Аудан басшылығы өз кезегінде жергілікті бюджет есебінен жаңа үйлерге барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды, оның ішінде орталықтандырылған жылу да тартып беретінін айтты.
ӨКҚ-гі баспасөз конференциясында аудан әкімі Азамат Маңғытов Тереңкөлде үй кезегінде 650-ден астам адам тұрғанын атап өтті. Олардың саны жыл сайын тек өсіп келеді.
– Соңғы бірнеше жылда ауданда әжептәуір үйдер салынды, – деді спикер. – Олардың қатарында екі, 16 және 24 пәтерлі тұрғын үйлер бар. Биыл біз кезекте тұрғандар үшін жаңадан салынған бес екі пәтерлі тұрғын үй сатып аламыз. Олардың төртеуі аудан орталығында, біреуі Жасқайрат ауылындаорналасқан. Жүргізілген тәжірибе мұндай үй беру механизмі тиімді екенін көрсетті. Біз облыстық бюджетке кем дегенде 20-30 екі пәтерлі үйдің құрылысына қаржы бөлу туралы өтінім жолдадық. Сонымен бірге біз аудан қазынасының есебінен жолар салып, жарық, су, тіпті жылу желілерін тартуға дайынбыз.
Азамат Маңғытов ауданда қазандықтар жасап шығару шығарумен айналысатын Песчан жөндеу-механика зауыты бар екенін еске салды. Биыл Львовка ауылында осы зауытта жасап шығарылған алғашқы модульдік қазандық орнатылды. Осылайша орталық жылуға ауданның басқа да елді мекендерін қосуға болады. Алайда, әкімнің айтуынша бұл үшін жылу тарифін қайта қарау қажет. Анықталғандай, тарифтің төмендегіне байланысты жергілікті коммуналдық кәсіпорын нарықтық жағдайдың өзінде қызметін ақтай алмайды.