Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Соңғы үш жылда Павлодар облысында 600 мың гектар ауыл шаруашылығы жері айналымға қайтарылды

Соңғы үш жылда Павлодар облысында 600 мың гектар ауыл шаруашылығы жері айналымға қайтарылды

Sep 30, 2025 | Жаңалықтар


Жалпы, 2022 жылдан бері өңірде 1 миллион гектарға жуық жер қайтарылған.

Жерлерді мемлекеттік айналымға қайтару жағдайы туралы @pavlodar.rsk алаңында жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтып берді. Соңғы үш жылда Павлодар облысында бірден 940 мың гектар жер қайтарылған. Оның шамамен 330 мың гектары бүгінде бөлуге жатады.

Бүгінгі таңда әкімдіктер электронды конкурстық рәсімдерді күтпей-ақ қайтарылған жерлерді, соның ішінде конкурстан тыс шөп шабу үшін, сондай-ақ қоныс аударушыларға берілетін учаскелерді айқындап бере алады. Жақсы жайылымдық жерлердің тапшылығын жою үшін қайтарылған алқаптарды резервке алу немесе олардың тапшылығы бар ауыл әкімдіктеріне бекітіп беру қажет. Ол үшін Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарларына түзетулер енгізу қажет.