Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлықтар Рухани келісім күнін атап өтуде

Павлодарлықтар Рухани келісім күнін атап өтуде

Oct 17, 2025 | Жаңалықтар


Қоғамдағы бейбітшілікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті білдіретін мереке жыл сайын 18 қазанда аталып өтеді.

@pavlodar.rsk баспасөз конференциясында конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды. Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбакировтың айтуынша, бүгінде Павлодар облысында 13 конфессияны білдіретін 169 діни бірлестік жұмыс істейді. Бұдан бөлек, облыста ресми тіркелген және қызметін жүзеге асыратын 14 діни миссионер бар.

Мереке қарсаңында қалалар мен аудандарда дәстүрлі түрде қоғамдық келісімді, өзара құрмет пен бірлікті нығайтуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, тарихи-мәдени және рухани-адамгершілік тақырыптардағы дәрістер, кітап көрмелері және діни конфессия өкілдерімен кездесулер бар.