Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлықтар «Мейірімділік керуеніне» қатысуға шақырылды

Павлодарлықтар «Мейірімділік керуеніне» қатысуға шақырылды

Oct 18, 2023 | Жаңалықтар


Қайырымдылық пен азаматтық бастаманы насихаттайтын байқау бүкіл Қазақстан бойынша басталды.

«Мейірімділік керуенінің» басты міндеті – қазақстандықтардың арасында ізгілікті істерді атқарып, азаматтық ұстанымында белсенділік танытып, мейірімділік пен адамгершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді нығайта түсетін тұлғаларды табу. Оның бастамашысы – байқауды алтыншы рет өткізіп отырған Іскер әйелдер қауымдастығы.

– Оған игі істерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысатын адамдар мен ұйымдар қатыса алады, – деп атап өтті Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалының жетекшісі Аурика Дяк бүгін өткен баспасөз мәслихатында. – Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдауға байланысты жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Байқау жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталады:

– «Асар» – қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты адамдарға арналған номинация;

– «Туған жер» – туған жерге білім беру, экология және абаттандыру, мәдени орындарды қалпына келтіру салаларында қайырымдылық көмек көрсеткен лауреатқа;

– «Батыл жүрек» – қаһармандық ерлігі мен жанқиярлығы үшін. Бұл номинацияда төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері арасында қосымша жеңімпаз атағы белгіленуі мүмкін;

– «Мейірім жолында» – белгілі бір уақытқа тұрақты тегін көмек көрсететіндер үшін;

– «Қайырымдылық тарихы» – номинация қайырымдылық пен әлеуметтік мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық топқа беріледі.

Жобаға қатысуға өтінімдер 15 желтоқсанға дейін мына мекенжайда қабылданады: Торайғыров көш, 95/1, 2-кіреберіс. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді 15 желтоқсанға дейін жіберуге болады. Жеңімпаздар 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күні қарсаңында белгілі болады. Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты www.fnn.kz және www.businesswomen.kz сайттарынан алуға болады. Анықтама үшін телефон: +7 701 319 39 55.