Павлодар облысының тұрғындарын Жаңа жылда ықтимал келеңсіздіктерді болдырмау үшін сертификатталған отшашуларды сатып алуға шақырады.
Бүгінде облыста сертификатталған пиротехникалық заттарды сатумен айналысатын екі заңды тұлға ресми тіркелген. Павлодарда кәсіпкерлер отшашуларды сататын 15-ке жуық павильон орнатады.
– Пиротехникалық заттарды сатып алу кезінде сатушының тиісті рұқсаты бар-жоғына мән беру керек, пайдалану ережелерін зерделеу, өнімнің жарамдылық мерзімі мен бүтіндігіне назар аудару керек, – дейді мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының басшысы Оразбек Уәлиханов. – Отынның да өзегінің температурасы 2 мың градусқа жететін ашық от көзі екенін ұмытпауымыз керек.
Сондықтан пиротехникамен өте мұқият қолдану керек. Бүгінде төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері полицейлермен бірлесіп рейд жүргізіп жатыр. Егер отшашуларды рұқсат етілмеген саудалау фактілері анықталса, тәртіп бұзушы 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден сәл жоғары әкімшілік айыппұлмен жазалануы мүмкін.