Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық кавалерия бағбандық кооперативтерді патрульдеуге шықты

Павлодарлық кавалерия бағбандық кооперативтерді патрульдеуге шықты

Apr 9, 2025 | Жаңалықтар


Бүгін ат үстіндегі полиция қала оңтүстігіндегі бес бағбандық кооперативте кезекшілік атқаруда, ал болашақта облыс орталығындағы барлық кооперативтерді қамту жоспарлануда.

Павлодарлық кавалерия көктем келісімен бағбандық кооперативтерді патрульдеуді бастайды. Атты полицейлердің басты міндеті – ұрлықтың алдын алу және бағбандардың мүлкін қорғау. Тек өткен жылы кавалериялық взводтың көмегімен бір ұрлық және есірткі сақтау бойынша екі заңсыз іс анықталған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қоғамдық орында мас күйінде жүрген немесе металл тасымалдаған 72 адамды қалалық полиция бөлімдеріне жеткізген.

– Соңғы үш жыл ішінде біздің және жақын маңдағы кооперативтерде металл ұрлығы сирек кездесе бастады, – дейді «Оңтүстік» бағбандық кооперативінің төрағасы Сергей Бондарь. – Полицейлер бақылау бекетінде және көршілер арасында туындайтын дауларды шешуде бізге көмектеседі. Сондықтан бағбандар атпен жүретін полицияны жиі көргісі келеді, өйткені олар шын мәнінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бағбандықтарды күзететін кавалериялық взвод 19 тәртіп сақшысынан және 15 аттан тұрады. Қажет болған жағдайда, штат саны артса, атты полиция Павлодардың басқа да саяжай кооперативтерін патрульдеуге дайын.