Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарда Өзбекстаннан келетін ерте көкөністер партиясы күтілуде

Павлодарда Өзбекстаннан келетін ерте көкөністер партиясы күтілуде

May 28, 2024 | Жаңалықтар


«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы көрші елдің жеткізушілерімен маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің бағасын төмендетуге келісті.

Бүгінде Павлодар облысының тұрақтандыру қорында өткен жылғы 250 тонна картоп қалды. Өзбекстаннан келген жеткізушілермен жасалған келісімге сәйкес, қор 400 тонна картоп пен 200 тонна пиязбен толығады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

•⁠ ⁠Картоптың бағасы бойынша әлі келіссөздер жүргізілуде, ал пиязға келетін болсақ, Павлодарға жеткізіліммен келісінің бағасы 104 теңге болады, – деп атап өтті «Павлодар» АӨК басшысының орынбасары Бек Оразғұлов. – Біздің базарлардағы бағаларды бақылай келе, пияздың сол «Рахмет» көкөніс базарына 85-90 теңгеден келетіні белгілі болды. Сондықтан әзірге біз пиязға тауарлық интервенция жасаудан бас тарттық. Сол сияқты, қырыққабатқа әлі де араласудың қажеті жоқ.

Тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялардың пайдасын екі ай бұрын тауық жұмыртқасының бағасына қатысты жағдай көрсетті. Баға күрт көтеріле бастаған наурыз айында жергілікті нарыққа арзандатылған өнімдер шығарыла бастады. Осылайша облыста тауық жұмыртқасының құны тұрақтанды.