Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының тұрғындары жыл басынан бері e-Otinish арқылы 35 мыңнан астам өтініш жолдаған

Павлодар облысының тұрғындары жыл басынан бері e-Otinish арқылы 35 мыңнан астам өтініш жолдаған

Jun 10, 2025 | Жаңалықтар


Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор мекемелеріне келіп түсетін төрт өтініштің үшеуі электронды форматта түседі.

Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындарынан түрлі инстанцияларға барлығы 47 мыңнан астам өтініш қабылданған, оның ішінде 11,5 мыңға жуығы – тікелей қабылдау арқылы. Алайда, облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті атап өткендей, қағаз жүзіндегі өтініштер саны жылдан жылға азайып келеді. Биыл e-Otinish сервисі арқылы 35 мыңнан астам өтініш пен шағым келіп түскен – бұл барлық келіп түскен өтініштердің 76%-ы.

– Бүгінде адамдар әлеуметтік желілерді белсенді қолданады, бірақ уәкілетті органдар Instagram сияқты желілердегі өтініштерге әрдайым жауап бере бермейді, – деп атап өтті департаменттің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Қуандық Жұмалин @pavlodar.rsk алаңында. – Сондықтан 2021 жылы өтініштерді тиімді қабылдау және өңдеу үшін қолдануға өте оңай e-Otinish бірыңғай платформасы іске қосылды. Ең бастысы, осы платформаның арқасында өтініш беруші әрқашан өзінің өтінішінің тарихын қадағалай алады.

Белгілі болғандай, 47 мың өтініштің шамамен 20 мыңы жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен. Ең танымал үштікке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы мәселелер енген. Мамандар e-Otinish арқылы кез келген мемлекеттік органға және квазимемлекеттік сектор мекемелеріне жүгінуге болатынын еске салады.