Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында туберкулезбен сырқаттанушылық бірнеше жыл қатарынан төмендеп келеді

Павлодар облысында туберкулезбен сырқаттанушылық бірнеше жыл қатарынан төмендеп келеді

Aug 6, 2025 | Жаңалықтар


Егер 2020 жылы облыста туберкулезбен ауыратын науқастардың белсенді контингенті 627 адамды құраса, 2025 жылы – 385 адам болды.

Павлодар облысы фтизиопульмонология орталығы басшысының орынбасары Ризвангуль Смағұлова өкпе ауруына қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып берді. Соңғы 10 жылда облыста сырқаттану көрсеткіші 43,1%-ға төмендеген.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында туберкулездің 141 жаңа жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде 165 жағдай тіркелген болатын, – деді спикер. – Аурудың таралу көрсеткіші өткен жылғы 30,3-ке қарағанда, 100 мың тұрғынға шаққанда 23,5-ті құрады. Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді. Соңғы бес жылда 16 жағдайдан 7 жағдайға дейін төмендеген.

Туберкулезбен тиімді күресу ауруды ерте анықтау және жаңа, тиімділігі жоғары туберкулезге қарсы препараттарды қолдану арқылы мүмкін болып отыр. Бүгінде бұл дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімін 24 айдан 9-12 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысында дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімін 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін препарат енгізілуде.

Мамандар жыл сайын тұрғылықты жері бойынша емханаларда флюорографиялық тексеруден өтуді, ал аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде учаскелік терапевтке қаралып, туберкулезге тексерілуді ұсынады. Дәрігерлер туберкулез неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оңай емделетінін атап өтеді.