Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер тапшылығы азайып келеді

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлер тапшылығы азайып келеді

Jan 28, 2025 | Жаңалықтар


Бүгінде облыстың мемлекеттік органдарында 241 орын бос қалды.

@pavlodar.rsk алаңында Павлодар облысының мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі жағдай туралы тиісті басқарма басшысы Асхат Ескендіров мәлімдеді. Бүгінде облыстағы барлық мемлекеттік қызметкерлердің штаттық деңгейі 4074-ті құрайды. Бұл ретте нақты 3751 адам жұмыс істейді. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41,6 жасты, орташа еңбек өтілі 12,6 жылды құрайды.

– 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша облыста мемлекеттік қызметшілер тапшылығы 9,8 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 9 пайызды құрап отыр, – деді спикер. – Ауылдық жерлерде аудан әкімдіктері деңгейінде бухгалтерлер жеткіліксіз, инженерлік-техникалық мамандықтары бар қызметкерлер қажет; Бірақ Павлодар облысында бос орындарды толтыруға әлеует бар. Біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістердің арқасында колледж дипломымен төменгі деңгейдегі лауазымдарға кіруге болады. Орта арнаулы білімі бар, еңбек өтілі жоқ үміткер біліктілік талаптарына сай болған жағдайда аудан әкімдігінің дербес бөлім деңгейінде жұмыс істей алады.

Грант бойынша білім алған университет түлектері үшін де мемлекеттік қызметке кіру жеңілдетілді. Үміткер оқуды аяқтағаннан кейін бір жылдан кешіктірмей тиісті өтінішті тапсыруы керек, және аттестаттың орташа балы 3,33 болуы керек.