Өңірде маса мен шыбын-шіркейге қарсы авиациялық және өзен бойымен өңдеу жұмыстары аяқталды. Енді кезек – жергілікті тосқауылдық өңдеу шараларында.
Гнусқа қарсы күрестің қалай жүріп жатқанын жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов пен ғылыми сүйемелдеу жұмыстарының өкілі, биология профессоры Қанат Ахметов айтып берді. Авиациялық өңдеудің жалпы көлемі 172 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың гектарға артық. Барлығы 448 ұшу орындалды, оның ішінде ауылдық аудандарда да.
Өзен бойындағы өңдеуге келсек, барлығы 3 кезең өткізілді. Биопрепараттар бұрын бекітілген 10 нүктеде төгілді — Аққулы ауданының Бесқарағай ауылынан бастап, Железин ауданының Моисеевка ауылына дейін.
Қазіргі уақытта мамандар гнусқа қарсы тосқауылдық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Павлодар қаласында бұл жұмыстар теміржол көпірінен бастап, жағалаумен бойлай шаңғы базасына дейін, сондай-ақ Усолка шағын ауданындағы бөгет аумағында жүргізілуде.