1 наурыз қарсаңында өңірде қайырымдылық, мейірімділік және келісім құндылықтарын еске салуды жоспарлап отыр.
Алғыс айту күнін қалай атап өтетінін Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Сейдуманов айтып берді. Павлодар облысында «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық акциясы бастау алады. Ол әлеуметтік жобаларды, халықтың осал топтарын және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық шараларын қамтиды.
– Өңірде қалалар мен аудандарда ардагерлермен және құрметті азаматтармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Бұл шаралар «Үлкендерге мың алғыс» атауымен өтеді, – деді спикер. – Білім беру мекемелерінде «… мың алғыс» атты шығармалар байқауы және «Ризашылық пен Алғыс» сынып сағаттары өтеді. Сонымен қатар, Қ. Әбусейітов атындағы Павлодар мәдени-сауық орталығында «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімі, ал И. Байзақов атындағы облыстық филармонияда Астанадан келген Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік симфониялық оркестрдің концерті өтеді.
Қазақстанда Алғыс айту күні 2016 жылдан бері аталып келеді. Бұл мереке барлық қазақстандықтар арасындағы достықтың, мейірімділік пен келісімнің символына айналған.