Құтқарушылардың айтуынша, жаздың басында шомылуға рұқсат етілген орындар саны өзгеруі мүмкін.
Бүгінде өңірде ресми түрде 27 коммуналдық және 20 жеке жағажай тіркелген. Шомылуға рұқсат етілген орындардың маңындағы су түбі табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулерден кейін Ертіс өзенінің арнасына түсуіне байланысты тексеріле бастайды. Осыдан кейін ғана — алдын ала маусым айының басында — шомылу маусымының ашылуы жарияланады.
– Бүгінгі күні жағажайларда жұмыс істейтін құтқарушыларды оқытуға өтініштер түсіп жатыр, – дейді мамандар. – Павлодардан 16 құтқарушыны даярлауға өтініш келіп түсті, сонымен қатар біз өз мамандарымызды Екібастұз бен Ақсу қалаларына жібердік. Шомылу маусымы басталғанға дейін қажетті құтқарушыларды оқытып шығамыз.
Өкінішке қарай, былтыр Павлодар облысында суға кету оқиғалары салдарынан 8 адам, оның ішінде екі бала қаза тапты. Сол себепті құтқарушылар балаларды жүзуге үйретуге ерекше көңіл бөліп, білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Өңірде барлығы 123 қаңқалы-модульді бассейн бар. Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам оқушыға жүзу сабақтары өткізілді.