Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 30 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

Павлодар облысында 30 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

Apr 29, 2025 | Жаңалықтар


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акция туралы @pavlodar.rsk баспасөз конференциясында айтылды.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, Қазақстан туының түсіндегі патриоттық ленталар 5-7 мамыр аралығында таратылады. Павлодар облысының тұрғындары «Жеңіс лентасын» қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде тегін ала алады. Барлығы 30 мың лента тарату жоспарланып отыр.