Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында құны 1,4 млн теңгені құрайтын вейптер тәркіленді

Павлодар облысында құны 1,4 млн теңгені құрайтын вейптер тәркіленді

Jul 15, 2024 | Жаңалықтар


Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мен салық қызметкерлері үш сауда орнын тексеріп, 300-ге жуық бір реттік электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтарды тәркіледі.

@pavlodar.rsk алаңында өткен баспасөз мәслихатында вейптерді сатуға және жарнамалауға тыйым салынғанын еске салды. Заңға сәйкес, бұл құқық бұзушылықтар үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Қазақстан аумағына қазіргі уақытта тыйым салынған өнімді тасымалдауға немесе өндіруге әрекеттенгендер үшін неғұрлым қатаң жаза қарастырылған – мүлкі тәркіленіп, 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін. Ал егер жоғарыда аталғандардың барлығы топпен немесе бірнеше рет жасалса, онда мүлкі тәркіленіп, жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Вэйптерді кәдімгі темекіге пайдалы балама деп санауға болмайды, – дейді облыстық экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары Қамбар Қабдуллин. – Темекі шегудің кез келген түрі мен әдісінің салдары денсаулыққа қауіпті. Электрондық темекіні пайдаланудың қарапайымдылығына байланысты тұрақты тәуелділікті тез қалыптастыратын балалар мен жасөспірімдер ерекше тәуекелге ұшырайды.

Өткен аптаның соңында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірге үш сауда орнын тексерді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 292 бір рет қолданылатын электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтарды анықтап, тәркілеген. Тәркілеу құны 1,4 миллион теңгені құрады.