Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысындағы ең қауіпті жолдарды полицейлер атады

Павлодар облысындағы ең қауіпті жолдарды полицейлер атады

Jun 20, 2025 | Жаңалықтар


Апаттылықты барынша азайту үшін проблемалық жол учаскелері ерекше бақылауға алынды.

Павлодар облысында бес айда 384 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 адам қаза тауып, тағы 529 адам жарақат алды. Павлодар – Семей тас жолындағы түрлі жол-көлік оқиғаларында бірден 5 адам қаза тапты. Дәл сол себепті бүгінде бұл жолда полиция жасақтары мен «Кибер-Шериф» және «Ekin Patrol» сияқты 3 бағдарламалық-аппараттық кешен көбірек жұмыс істейді.

  • Ерекше бақылауда сондай-ақ Баянауыл ауданына баратын Қалқаман – Керней жолы да бар, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті жергілікті полиция бастығының орынбасары Азамат Күркебаев. – Жазғы кезеңде бұл тас жолдағы қозғалыс қарқындылығы әдеттегідей артады. Сондықтан онда да біздің бағдарламалық-аппараттық кешендеріміз жұмыс істейді.

Қауіпсіздікті арттыру үшін облыс жолдарындағы тәртіп сақшылары 5 жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Сондай-ақ жолдардың 585 учаскесі тексерілді. Қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жоюға сәйкес нұсқамалар берілді.