Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысы мал қыстатуға толық дайын

Павлодар облысы мал қыстатуға толық дайын

Oct 16, 2025 | Жаңалықтар


Өңірде шөп пен басқа да жемшөптің қажетті көлемі әзірленді.

Павлодар облысындағы жемшөп дайындау жағдайы туралы @pavlodar.rsk алаңында ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері айтып берді. Алдағы қыстатуға өңір аумағында 484 мыңнан астам ірі қара мал, 651 мыңға жуық қой мен ешкі, сондай-ақ 300 мыңға жуық жылқы енді. 2025-2026 жылдардағы қыстатуға Павлодар облысында 484,5 мың бас ірі қара мал, 651,4 мың бас қой мен ешкі, 295,5 мың бас жылқы енді. Шартты бастарға ауыстырғанда бұл 695 мың бірлікті құрайды.

– Малға арналған негізгі жемшөп түрлері дайындалды, – деп атап өтті мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Қайырболат Байсаринов. – Бұл 1,215 мың тонна шөп, 90,8 мың тонна шөптесін жем, 195,4 мың тонна сүрлем және 213 мың тонна құрама жем мен 317 мың тонна сабан. Бұдан басқа, өткен жылдан қалған жемшөп қалдықтары бар. Бұл көлем мал басының сақталуын, жоспарланған өнім мен төл алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қыстату орындарына шамамен 885 мың тонна шөп жеткізілді, бұл дайындалған көлемнің 73%-ын құрайды. Жемшөп жеткізу жұмыстары өңірде жалғасуда.