Павлодар қаласы бойынша тасымалдау қасиетті Рамазан айы бойы жүзеге асырылады.
@pavlodar.rsk алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілетті имамы Жолдас қажы Бердімуратұлының айтуынша, соңғы жылдары Рамазан айында көптеген павлодарлықтар тарауық намазын дәл мешітте оқуды жөн көреді. Сондықтан дін қызметкерлері жамағатқа көлік ұйымдастыру туралы келісімге келді.
– Тарауық намазынан кейін Машһүр Жүсіп мешітінің алдында тегін қоғамдық көлік кезекшілік етеді, – деп хабарлады спикер. – Автобустар үш бағытқа жүреді: Химгородок, Дачный шағын ауданы және Екінші Павлодар. Бұл қызмет Рамазан айының соңына дейін жұмыс істейді.
Мұсылман қауымы Рамазан айының басталуын 1 наурызда атап өтеді. Ораза 30 наурызға дейін жалғасады.