2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Павлодар облысының 48 мыңнан астам тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 10 миллиард теңгеден астам сомаға емделді.
Облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері бүгінгі күні МӘМС жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы айтты. Филиал директорының м.а. Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, жүйеге қосқан үлесі арқасында 13 мыңнан астам адам күндізгі стационарда емделді. Сонымен қатар, МӘМС шеңберінде 148 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, 6700-ден астам операция жасалды.
– Халықтың сақтандырылғандар санаты үшін құны 40 миллион теңгеге дейін қымбат тұратын операциялар да бар, – деді спикер. – Бұл, мысалы, құны 8 миллион теңге тұратын кардиовертер немесе дефибриллятор орнату, 2,9 миллион теңге тұратын коронарлық шунттау немесе 1,5 миллион теңгеден жамбас пен тізе буындарын ауыстыру. МӘМС пакетіне сондай-ақ несеп тас ауруын соққы толқындық терапия – тас ұсақтау арқылы хирургиялық емдеу кіреді, оның құны 346 мың теңге.
Айта кету керек, Павлодар облысында МӘМС жүйесінде 130 мыңға жуық адам әлі сақтандырылмаған. Негізінен бұл үш қаланың – Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласының тұрғындары.