Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Цифрландыру Павлодар облысының өрт сөндірушілеріне көмектеседі

Цифрландыру Павлодар облысының өрт сөндірушілеріне көмектеседі

Aug 27, 2025 | Жаңалықтар


Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіруге қатысты барлық
жедел құжаттама электронды форматқа көшірілді.

Құтқарушылар жұмысына цифрландырудың қалай енгізіліп жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов айтты. Оның атап өтуінше, бүгінде өрт сөндіруге қатысты жедел құжаттар бұлтты жүйеде орналастырылған және Organic Maps қосымшасымен біріктірілген. Бұл ең жақын гидранттарды жылдам табуға, нұсқаулықтар мен схемаларды оқиға орнында планшет немесе смартфон арқылы ашуға мүмкіндік береді.

– Құтқарушыларымыздың дулығасындағы экшн-камералар төтенше жағдайларды жою кезінде бейнебақылау жүргізуге мүмкіндік береді, – деді спикер. – Бұл әрекеттерді үйлестіруге, сондай-ақ кейіннен оқыту мен операцияларды талдауға көмектеседі. Сондай-ақ біз түтіндеген немесе қараңғы жерлерде адамдарды іздеу, жасырын өрт ошақтарын анықтау және қайта өрт шығу қаупін бағалау кезінде мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтетін жылувизорлар мен жылу-түтін камераларын қолданамыз. Нақты ТЖ-ларды имитациялайтын оқу-жаттығу кешені — бұл жай ғана тренажер емес, құтқарушылардың физиологиялық көрсеткіштерін бақылай отырып, біліктілікті арттырудың тұтас жүйесі.

ТЖД қатарында цифрлық шешімдерді енгізу жалғасуда. Жоспарда жасанды интеллект негізіндегі аналитиканы пайдалану, мобильді платформаларды кеңейту және онлайн-оқытуды жүргізу, сондай-ақ ТЖ-ға ден қоюдың ұлттық платформасымен және Smart City жүйесімен интеграциялану бар.