Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Бір палаталы парламентке көшу саяси белсенділікке әкеледі — сарапшы

Бір палаталы парламентке көшу саяси белсенділікке әкеледі — сарапшы

Sep 15, 2025 | Жаңалықтар


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенатты таратып, бір палаталы жүйеге көшу туралы Жолдауда жариялаған бастамасы Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңін ашады. Бұған павлодарлық саясаттанушы Борис Поломарчук сенімді.

Өз пікірін Торайғыров университетінің аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының докторанты Борис Поломарчук @pavlodar.rsk алаңында өткен сараптамалық баспасөз конференциясында бөлісті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған реформа депутаттар санын көбейтуге және партиялардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Сондай-ақ, пропорционалды сайлау жүйесі әртүрлі әлеуметтік және жас ерекшеліктері бар топтардың парламентте өкіл болуына мүмкіндік береді.

– Сенат тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, елде Жоғарғы Кеңес болған кезде пайда болды. Ол президенттік билікпен белгілі бір қайшылыққа түсетін. Сондықтан Сенат қарсы тепе-теңдік факторы ретінде құрылды, мәжіліс қызметін бақылап, заң жобаларына қадағалау жүргізді, – дейді сарапшы. – Бірақ саяси жүйенің эволюциясы мен оның демократиялануы Сенаттың қажеттілігі туралы сұрақты алға шығарды. Бүгінде парламенттегі басым көпшілік – орта жастағы адамдар. Бұл сайлаушылардың таңдауларын көрсетеді. Алайда қоғамымыз бұнымен шектелмейді, ол алуан түрлі. Пропорционалды жүйе парламентке басқа топтарды да әкеліп, мүдделердің кең ауқымын білдіруге жол ашады.

Саясаттанушының айтуынша, қазақстандықтардың қолында ұсынылған парламент үлгісін кеңінен қоғамдық талқылауға бір жыл уақыт бар. Бұл процеске ғалымдарды, саясаттанушыларды, журналистерді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту маңызды. Осындай жұмыс халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшеліктермен ұштастыратын оңтайлы үлгіні қалыптастыруға мүмкіндік береді.