Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2023 жылы облысқа республикалық бюджеттен рекордтық 9,8 млрд теңге жіберілді. Бұл қаржы 84 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жұмсалады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ИРИНА НАЗАРЧУК «Ауыл – Ел бесігі» жобасының Павлодар облысының ауыл тұрғындарына тигізетін пайдасы туралы айтып берді. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама есебінен:
– ауылда 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы – Жолқұдық, Пограничник, Еңбек және Алғабас (Ақсу ауылдық аймақ), Қараоба ауылы (Ақтоғай ауданы), Кемеңгер ауылы (Павлодарский ауданы), Хмельницкий ауылы (Шарбақты ауданы), Каракала ауылы (Аққулы ауданы)
– спорт алаңы – Новопокровка ауылы (Успен ауданы)
– демалыс орталығы – Қызылтаң ауылы (Тереңкөл ауданы)
– фельдшерлік-акушерлік пункт – Пограничник ауылы (Ақсу ауылдық аймақ)
– 2 қосымша – Новоямышево ауылындағы балабақшаға және Заңғар ауылындағы мектепке (екеуі де – Павлодар ауданы)
– 8 мектепті, 9 мәдениет үйін және спорт алаңын күрделі жөндеуі
– көшелерді жарықтандыру – Пограничник ауылы, Достық және Жолқұдық (Ақсу ауылдық аймақ), Ақсан ауылы (Баянауыл ауданы), Малайсары мен Майтүбек ауылдары (Май ауданы).
– Павлодарское ауылындағы ИЖС шағын ауданын электрмен қамту
– ұзындығы 89 км құрайтын ауылішілік көшелерді орташа жөндеуден өткізуі
Сол елді мекендерде қалалық, облыстық бюджеттер және басқа да мемлекеттік бағдарламалар есебінен жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын 30-дан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл – 4 мектеп, 2 денсаулық сақтау нысаны мен мәдениет ошағын күрделі және ағымдағы жөндеу, 6 балалар алаңы мен 2 спорт нысанын орнату, ұзындығы 13,8 шақырым көшелерді орташа жөндеу және саябақтарды, скверлерді, даңқ обелисктерін абаттандыру бойынша 16-дан астам іс-шара. Сонымен қатар кіреберіс стеллалары, бейнебақылау орнату және көшелерді жарықтандыруды жаңғырту.