Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Павлодар облысындағы 35 мың ауыл тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарады

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Павлодар облысындағы 35 мың ауыл тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарады

Apr 19, 2023 | Жаңалықтар


Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2023 жылы облысқа республикалық бюджеттен рекордтық 9,8 млрд теңге жіберілді. Бұл қаржы 84 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жұмсалады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ИРИНА НАЗАРЧУК «Ауыл – Ел бесігі» жобасының Павлодар облысының ауыл тұрғындарына тигізетін пайдасы туралы айтып берді. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама есебінен:

– ауылда 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы – Жолқұдық, Пограничник, Еңбек және Алғабас (Ақсу ауылдық аймақ), Қараоба ауылы (Ақтоғай ауданы), Кемеңгер ауылы (Павлодарский ауданы), Хмельницкий ауылы (Шарбақты ауданы), Каракала ауылы (Аққулы ауданы)

– спорт алаңы – Новопокровка ауылы (Успен ауданы)

– демалыс орталығы – Қызылтаң ауылы (Тереңкөл ауданы)

– фельдшерлік-акушерлік пункт – Пограничник ауылы (Ақсу ауылдық аймақ)

– 2 қосымша – Новоямышево ауылындағы балабақшаға және Заңғар ауылындағы мектепке (екеуі де – Павлодар ауданы)

– 8 мектепті, 9 мәдениет үйін және спорт алаңын күрделі жөндеуі

– көшелерді жарықтандыру – Пограничник ауылы, Достық және Жолқұдық (Ақсу ауылдық аймақ),  Ақсан ауылы (Баянауыл ауданы),  Малайсары мен Майтүбек ауылдары  (Май ауданы).

– Павлодарское ауылындағы ИЖС шағын ауданын электрмен қамту

– ұзындығы 89 км құрайтын ауылішілік көшелерді орташа жөндеуден өткізуі

Сол елді мекендерде қалалық, облыстық бюджеттер және басқа да мемлекеттік бағдарламалар есебінен жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын 30-дан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл – 4 мектеп, 2 денсаулық сақтау нысаны мен мәдениет ошағын күрделі және ағымдағы жөндеу, 6 балалар алаңы мен 2 спорт нысанын орнату, ұзындығы 13,8 шақырым көшелерді орташа жөндеу және саябақтарды, скверлерді, даңқ обелисктерін абаттандыру бойынша 16-дан астам іс-шара. Сонымен қатар кіреберіс стеллалары, бейнебақылау орнату және көшелерді жарықтандыруды жаңғырту.