Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 8 наурызда павлодарлық музейлер мен театрларға әйелдер тегін кіре алады

8 наурызда павлодарлық музейлер мен театрларға әйелдер тегін кіре алады

Feb 27, 2025 | Жаңалықтар


Халықаралық әйелдер күніне орай Павлодар облысында мыңға жуық түрлі іс-шара жоспарланған.

8 наурызға арналған ірі қоғамдық-мәдени шаралар @pavlodar.rsk алаңында жарияланды. 3-8 наурыз аралығында Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретшілердің «Әйел бейнесі» атты көрмесі өтеді. Ал Халықаралық әйелдер күніне орай «Шаңырақ» орталығында «Ертіс аруы» байқауы ұйымдастырылады.

– Сағат 17:00-де И. Байзақов атындағы филармония концерт залында «Трио баритонов» концерті өтеді, – деп хабарлады Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Самал Саменова. – Сонымен қатар, екі павлодарлық театрда спектакльдер қойылады: Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драмалық театрында «Алғашқы махаббат» комедиясы, ал Чехов атындағы театрда «Махаббат машақаты» лирикалық комедиясы көрерменге жол тартады.

Мерекеге орай павлодарлық театрлар мен музейлерге әйелдер тегін кіре алады.