Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 2029 жылға дейін Павлодар облысының кадрларға деген қажеттілігі 63 мыңнан астам маманды құрайды

2029 жылға дейін Павлодар облысының кадрларға деген қажеттілігі 63 мыңнан астам маманды құрайды

Mar 13, 2025 | Жаңалықтар


Өңірге ең алдымен арнайы техника жүргізушілері, дәнекерлеушілер, құрылыс жұмысшылары және техникалық бағыттағы мамандар қажет.

Еңбек нарығындағы жағдай туралы @pavlodar.rsk баспасөз конференциясында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова айтып берді. Оның айтуынша, алдағы үш жылда Павлодар облысында жұмыс күшіне сұраныс бірден 10%-ға артады.

– Тек 2025 жылдың басынан бері өңірде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, – деп атап өтті спикер. – Оның 1,3 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындары. Салаларға келетін болсақ, бұл жерде білім беру және ауыл шаруашылығы басымдыққа ие.

Кадр тапшылығын толтыру үшін Павлодар облысында жұмыссыздарға арналған курстар ұйымдастырылады. Бұл ретте жұмыс берушілердің сұранысына ерекше мән беріледі. Биыл өңірде www.skills.enbek.kz сайты арқылы шамамен 2 мың адамды оқыту жоспарланған. Айта кетейік, бүгінгі таңда баршаға қолжетімді арнайы платформада 850-ге жуық оқыту курсы орналастырылған, оның 300-ден астамы – тегін.