Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жыл басынан бері Павлодар облысында 228 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері Павлодар облысында 228 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды

Apr 29, 2025 | Жаңалықтар


Жалпы, өңірдің мансап орталықтарына жұмысқа орналасуға көмек сұрап 537 мүгедектігі бар адам жүгінді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, өтініш білдіргендердің арасынан 26 кандидат тұрақты жұмыс орнына, ал 155 адам субсидияланатын жұмыс орнына орналастырылды. Сонымен қатар 47 мүмкіндігі шектеулі адам «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері курстарынан өтті.

– Биыл үш қаламызда 13 арнайы жұмыс орнын ашу жоспарлануда, – деп мәлімдеді @pavlodar.rsk алаңында басқарма басшысының орынбасары Әлия Рахимова. – Бұл мақсатқа бюджеттен 15 миллион теңге қарастырылған, тағы 30 миллион теңге еңбекақы төлеуге бағытталады. Бүгінгі таңда өңірдегі 170 кәсіпорында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 604 жұмыс орнын ашуға квота белгіленген.

Спикердің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілігіне ауыр дене еңбегі қарсы көрсетілген, сондықтан олар үшін жұмыс табу әрдайым оңай емес. Көбіне олар білім беру, сауда және ауыр еңбек талап етілмейтін басқа салаларда жұмыс істейді.