Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлықтарды жұмысшы мамандық иелеріне арналған ипотекалық бағдарламаға қатысуға шақырады

Павлодарлықтарды жұмысшы мамандық иелеріне арналған ипотекалық бағдарламаға қатысуға шақырады

Mar 4, 2025 | Жаңалықтар


«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдау 17 наурызда басталады.

Жұмысшы мамандық иелеріне арналған ипотекалық бағдарламаны «Отбасы банк» іске қосады. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды. Биыл «Наурыз жұмыскер» аясында Қазақстан бойынша 72 миллиард теңге сомасына 2,4 мыңнан астам несие беру жоспарланып отыр.

– Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие жылдық 7% мөлшерлемемен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, ал қалған барлық қарыз алушыларға жылдық 9% мөлшерлемемен беріледі, – деп мәлімдеді @pavlodar.rsk алаңында «Отбасы банк» Павлодар филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Арман Нұрғаламов. – Бастапқы жарна мөлшері: таза әрлеудегі баспана сатып алу кезінде – 10%, қарапайым әрлеудегі немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу кезінде – 20%. Несиенің ең жоғарғы сомасы өңірлер үшін – 30 миллион теңге, Астана және Алматы қалалары үшін – 36 миллион теңге.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесіне өтінім беру үшін жұмыс берушіден мамандықты растайтын анықтама және жеке басын куәландыратын құжаттар жеткілікті. Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі міндетті түрде тексеріледі. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында бағдарлама шарттарына сәйкес тек жаңа тұрғын үйлерден баспана сатып алуға болады. Қайталама нарықтағы тұрғын үйді моноқалалар мен ауылдық елді мекендерден сатып алуға рұқсат етіледі. Өтінімдерді қабылдау 18 сәуірге дейін жалғасады.