Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық полицейлер дрон көмегімен 200-ден астам құқықбұзушылықты анықтады

Павлодарлық полицейлер дрон көмегімен 200-ден астам құқықбұзушылықты анықтады

Jul 22, 2025 | Жаңалықтар


«Ұшатын көз» құқық қорғау органдарына Орталық және Усолка жағажайларын патрульдеуге көмектесіп жатыр.

Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметі дронды алғаш рет бір ай бұрын пайдалануға алған. Оның көмегімен тәртіп сақшылары қала жағажайларында демалып жатқан азаматтар арасынан құқықбұзушыларды анықтауда.

– Жағажай маусымы басталған сәттен-ақ, тұрғындардан ішімдік ішіп немесе мас күйде жағалауда жүрген адамдарға қатысты шағымдар түсе бастады, – деді облыс орталығының жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Абылайхан Алпысбай. – Дрон арқылы техникалық қызметкеріміз құқықбұзушылықты бейнежазбаға түсіріп, патрульге хабар береді. Патруль сол жерде әкімшілік хаттама толтырады. Жағажайдағы негізгі құқықбұзушылықтар – алкоголь ішу, қоқыс тастау және ұсақ бұзақылық.

Дрон арқылы полицейлер 200-ден астам құқықбұзушылықты тіркеген. Болашақта қала аумағын патрульдеуге арналған ұшатын құрылғылар саны көбейтілуі мүмкін.