Павлодар облысының тұрғындарын мерекелік діни рәсімдерге және дәстүрлі пасхалық тағамдарды арулау шараларына шақырады.
Барлық шіркеулерде дәстүрлі діни қызметтер өткізіледі. Негізгі мерекелік қызметтер сенбіден жексенбіге қараған түнде өтеді.
– Павлодарда билік өкілдері дін қызметкерлерін қолдап, қалалық әр шіркеуге арнайы рейстік автобустар бөлді, – деді @pavlodar.rsk баспасөз мәслихатында Павлодар және Екібастұз епархиясының хатшысы, протоиерей Алексей Степанов. – Сондықтан түнгі қызметтен кейін үйіне өз бетімен жете алмайтын жамағатты міндетті түрде жеткізіп салады.
Сенбі және жексенбі күндері күндізгі уақытта пасхалық тағамдарды арулау рәсімі өтеді.
Биыл 20 сәуірде католиктер де Пасханы атап өтеді. Павлодардағы Рим-католик шіркеуіне Турин плащаницасының көшірмесі жеткізілді. Бұл қасиетті шіркеу жәдігері қазіргі таңда Италиядағы Әулие Иоанн соборында сақтаулы. Католик шіркеуінің басшысы Лукаш Хлопок алда келе жатқан мерекемен барша қауымды құттықтап, жарқын Пасха мерекесін тіледі.