Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық салықшылар өңірдегі экономикалық белсенділікті атап өтуде

Павлодарлық салықшылар өңірдегі экономикалық белсенділікті атап өтуде

Oct 9, 2025 | Жаңалықтар


Мемлекеттік кірістер департаменті Павлодар облысындағы жеке кәсіпкерлер санының өскенін хабарлады.

@pavlodar.rsk алаңында айтылғандай, бүгінде өңірде жеке тұлғалар қатарынан 772 мыңға жуық салық төлеуші бар. Сондай-ақ фискалдық органдардың тіркеу есебінде 49 мыңнан астам жеке кәсіпкер және 16 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген.

– Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, біз тіркелген жеке кәсіпкерлер санының 2308-ге немесе 5%-ға өскенін байқап отырмыз, – деді Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов. – Бұл біздің өңірдегі экономикалық белсенділіктің артып келе жатқанынкөрсетеді. Тиісінше, салық түсімдері де өсуде.

Айта кету керек, Павлодар облысындағы заңды тұлғалар саны айтарлықтай өзгерген жоқ.