Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодардың барлық нысандары жылу жүйесіне қосылды

Павлодардың барлық нысандары жылу жүйесіне қосылды

Oct 7, 2025 | Жаңалықтар

Қалалық әкімдік өкілдері хабарлағандай, жылу жүйесін реттеу және жөндеу мәселелері арнайы құрылған жұмыс топтары аясында шешіліп жатыр.

Облыс орталығында жылыту маусымының қалай өтіп жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов айтып берді. Ол орталықтандырылған жылу әлеуметтік нысандарға 10 қыркүйектен бастап, ал тұрғын үйлер мен басқа да тұтынушыларға 22 қыркүйектен берілгенін еске салды.

– Бүгінгі таңда барлық нысандар жылу жүйесіне қосылды. Бұл әлеуметтік нысандарға, көппәтерлі тұрғын үй қорына және жеке секторға қатысты, – деді әкім орынбасары. – Жылыту маусымына қатысты өтініштерді пысықтау үшін күн сайын жедел штаб өткізетін жұмыс тобы құрылды.

Жылыту маусымы басталғаннан бері қалалық әкімдік пен жылу мамандары тұтынушылардан түскен 150-ден астам өтінімді өңдеді. Қазіргі уақытта барлық проблемалардың 99%-ы шешілді.