
Полицейлер ата-аналардан, ата-әжелерден балалары мен немерелерін есірткі бизнесіне тартудан сақтау үшін оларға мұқият болуды сұрайды.
@pavlodar.rsk алаңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Ирина Тимиргалиева нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес нәтижелері туралы айтып берді. Жыл басынан бері Павлодар облысында есірткіге қатысты 190 құқықбұзушылық тіркелген. Олардың әр екіншісі есірткі таратумен байланысты. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 57 адамды ұстады, оның төртеуі — кәмелетке толмағандар.
– Мен ең жиі балалары мен немерелерінің қасында болатын ата-аналарға, ата-әжелерге үндеу тастағым келеді, – деп атап өтті спикер. – Есірткі бизнесі дәл жас ұрпақты тартуға бағытталған. Қылмыскерлер жастардың өмірлік тәжірибесінің және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінбеуінің жоқтығын ескереді. Сондықтан, дәл ересектер балаларының түрмеге түссе, не жоғалтатыны туралы ойлануы керек. Мен ата-аналар қауымын балаларына жақын болуға, олардың немен өмір сүріп, немен айналысатынына қызығушылық танытуға, достары мен ортасын білуге шақырамын. Бұл балаға есірткіні қолдануды немесе таратуды ұсынған жағдайда, оған қажетті көмек көрсету және оның болашағын қорғау үшін қажет.










