Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының кәсіпкерлері көлеңкеден жиі шыға бастады

Павлодар облысының кәсіпкерлері көлеңкеден жиі шыға бастады

Nov 4, 2026 | Жаңалықтар


Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлердің саны артты.

Павлодар облысы тұрғындары арасында салық мәдениетінің арту белгілері туралы @pavlodar.rsk алаңында сөз қозғалды. Түсіндіру жұмыстары және контакт-орталық басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов өзекті статистиканы келтірді. Үшінші тоқсанда өңірде жеке кәсіпкерлер саны 205-ке артты — барлығы 49 мыңға жуық бизнес субъектісі бар.

– Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша өсім одан да жоғары, – деп атап өтті спикер.  Егер 1 шілдедегі жағдай бойынша олардың саны 22,7 мыңды құраса, 1 қазанда бұл көрсеткіш 32 мыңнан асты. Бұл кәсіпкерлік қызметпен айналысатын салық төлеушілердің көлеңкеден шығып жатқанын білдіреді. Бүгінгі таңда олар үшін ресми тіркеліп, бюджетке салық төлеу бойынша онлайн-сервистерді пайдалану әлдеқайда оңай.

Мамандардың пікірінше, жыл сайын өңірдегі салық мәдениеті артып келеді. Сонымен бірге Павлодар облысы тұрғындарының жеке тұлғаларға салынатын салықтар бойынша берешектері әлі де бар. Басым бөлігі — жылжымайтын мүлік пен көлік салығы бойынша қарыздар. Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері барша тұрғындарды өз міндеттемелерін заңда белгіленген мерзімде төлеуге шақырады.