Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жасанды интеллект павлодарлық судьяларға даулы азаматтық істерді қарауда көмектесуде

Жасанды интеллект павлодарлық судьяларға даулы азаматтық істерді қарауда көмектесуде

Oct 22, 2026 | Жаңалықтар


Жаңа ақпараттық жүйеге көшудің арқасында фемида өкілдеріне бүкіл Қазақстан бойынша сот практикасына интеллектуалды талдау жасау мүмкіндігі қолжетімді болды.

Павлодардың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша аралық нәтижелерін @pavlodar.rsk алаңында судьялар Айгүл Хамитова, Жұлдыз Тілеуғабылова және Көркем Хасенова қорытындылады. Белігілі болғандай, жыл сайын фемида өкілдеріне түсетін жүктеме артып келеді — егер 2025 жылдың үш тоқсанында олар 8490 талап қою мен өтініш қабылдаса, бүгінде бұл көрсеткіш 10 мыңнан асып түсті.

– Талап қоюлар мен өтініштер санының өсуі бірден бірнеше іс санаттары бойынша байқалады, – дейді Айгүл Хамитова. – Бұл, соның ішінде банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы өтініштер.

Азаматтық істерді жедел әрі тиімді қарауға судьялар бірнеше ай бұрын көшкен «Torelik 2.0» ақпараттық жүйесі көмектесуде. Оның функционалдарының бірі — сот практикасына интеллектуалды талдау жасау. Судьяға талап қою түскен кезде жүйе материалдарды талдап, істің ықтимал нәтижесін — талаптарды қанағаттандыру немесе олардан бас тарту ықтималдығының пайызын көрсетеді. Мұндай талдау процесс қатысушыларына да қолжетімді.Бүгінгі таңда фемида өкілдері бұл функционалды бірінші кезекте талап қою өндірісінің даулы істері бойынша,2185 талап арызға қолданды.

Фото: ChatGPT