Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Қазақстанда адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестациялау тәртібі өзгерді

Қазақстанда адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестациялау тәртібі өзгерді

Oct 29, 2026 | Жаңалықтар


Әділет органдарында комиссиялық бетпе-бет әңгімелесудің орнына кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы базасында компьютерлік тестілеуден өтеді.

Жарты жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан бұл жаңашылдық туралы @pavlodar.rsk алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айтымбетов айтып берді. Ол жаңа формат бұрынғы жүйені алмастырғанын атап өтті. Бұған дейін емтихандар тоқсанына бір рет Әділет департаментінің қызметкерлерінен, Нотариаттық палата өкілдерінен, қоғам белсенділері мен депутаттардан құралған комиссияның қатысуымен өткізіліп келген еді. Автоматтандырылған тестілеу адам факторын жояды, ал жасанды интелектті пайдалану тыйым салынған заттарды анықтауға және ереже бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік беріп, процестің толық ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, тестілеуден өте алмаған жағдайда, енді қайта аттестациялау бір тоқсаннан кейін қарастырылған.

Компьютерлік форматқа өту 2023 жылдан 2026 жылға дейін ел бойынша жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесі болды. Осы уақыт ішінде Павлодар облысында емтихан тапсыруға 174 үміткер жіберілді. Оның ішінде 38 маман тестілеуден сәтті өтіп, өзінің біліктілігін дәлелдеді: 17 адвокат, 11 жеке сот орындаушысы және 10 нотариус.

Фото: ChatGPT