Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Тек қана медицина емес, сонымен бірге жылы сөз: Павлодар облыстық паллиативтік қызметі қалай жұмыс істейді

Тек қана медицина емес, сонымен бірге жылы сөз: Павлодар облыстық паллиативтік қызметі қалай жұмыс істейді

Oct 30, 2026 | Жаңалықтар


Жыл басынан бері Павлодар облыстық хосписының қызметкерлері 900-ге жуық ауыр науқасқа көмек көрсетіп,1,5 мыңнан астам рет шақыртуға барып қызмет көрсетті.

Өңірдегі жалғыз хоспис бүгінде ауыр әрі емделмейтін дертке шалдыққан пациенттерге паллиативтік көмек көрсетеді. Онкологиялық науқастарға арналған бөлімше 30 төсек-орынға есептелген. Ал жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары және басқа да сырқаттары бар адамдарды қабылдайтын екінші корпус 53 төсек-орынға шақталған.

– Бұл көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі анкөсемінде көрсетіледі, – дейді паллиативтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі Елңұр Рахымжанов. – Біздің палаталарымызда функционалды төсектер және күтім жасауға қажетті барлық құрал-жабдықтар қарастырылған. Бүгінгі таңда біз шетелдік әдістемені – постуральды менеджментті меңгеріп, әсіресе пациенттің дене қалпын дұрыс ұстауын, ойық жаралардың (пролежень) және гипостатикалық пневмонияның алдын алуды қатаң бақылауға алдық. Біз жұмыс істейтін аурулар жыл сайын «жасарып» келеді – бұрын біздің пациенттеріміз 70-80 жастағы адамдар болса, қазір 40-50 жастағы, тіпті одан да жас азаматтар бар.

Хосписте онкологияның төртінші сатысындағы науқастарға баратын көшпелі қызмет түрі жұмыс істейді. Әдетте,бұлар – жүріп-тұруы қиын жандар. Оларға ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер сызбасын таңдауға, интоксикация белгілерін жоюға, қан тоқтатуға, таңу жұмыстарын жасауға немесе катетерлерді ауыстыруға көмектеседі.Тәулігіне дәрігерлер 10-15 адамға барып қайтады.

– Біз пациенттеріміздің жағдайын өте мұқият бақылап, оның әлі де үйде қала алатынын немесе госпитализация қажет екенін бағалаймыз, сондай-ақ олардың туыстарымен үнемі байланыста боламыз, – дейді хоспистің көшпелі қызметінің дәрігері Елена Сарачева. – Сонымен қатар, ауыр науқасқа тек медициналық көмек қана емес,психологиялық қолдау да қажет. «Бүгін өте жақсы көрінесіз», «Тәбетіңіз жақсы болып, тамақты әдемі ішкеніңіз қандай жақсы», «Бүгін қалай ұйықтадыңыз?» – бұл күн сайын біз кездесетін адамдардың көңілін көтеріп, демеу үшін айтатын қарапайым сөздеріміз.