
Бірінші медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарына тіркеу науқаны 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында жалғасады.
Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет eGov.kz веб-порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін медициналық ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. Оларға зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдері, мерзімді қызметтегі сарбаздар, сотталғандар, шетелде туған балалар, сәбилер үйі мен басқа да әлеуметтік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ оқу орнының ректорынан ресми өтініш болған жағдайда қала сыртынан келген студенттер жатады.
Өтінішті қарау бір жұмыс күнін алады, содан кейін өтініш беруші «Жеке кабинет» арқылы электрондық түрде тіркеу туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту алады. Тіркеу жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша бір емханаға жүзеге асырылады. Бұл ретте алдыңғы БМСК ұйымынан есептен шығару автоматты түрде орындалады. Жаңа емханада медициналық қызмет көрсету келесі жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Емханаға тіркелу медициналық көмек алуға негіз болып табылады және отбасылық қызмет көрсету, аумақтық қолжетімділік, еркін таңдау, медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану, тең құқылық және адал бәсекелестік қағидаттарына негізделеді. БМСК қызметтерінің құрамына профилактика, диагностика және емдеу кіреді және олардың қазіргі орналасқан жеріне қарамастан барлық пациенттерге қолжетімді.










