Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының соттары қылмыстық істерде айыптау бағытынан бас тартуда

Павлодар облысының соттары қылмыстық істерде айыптау бағытынан бас тартуда

Jan 24, 2025 | Жаңалықтар


Өткен жылы облыста сотталғандардың 50 пайыздан астамы бас бостандығын шектеуге, айыппұл төлеуге немесе қоғамдық жұмыстарға сотталған.

2024 жылы қылмыстық істер бойынша сотталғандардың үштен бірінен сәл астамы – 36%-ы бас бостандығынан айырылды. Бұл негізінен жеке басына қарсы, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан және аса ірі көлемдегі материалдық залал келтіргені үшін ауыр және аса ауыр айыптар бойынша сотталғандар.

– Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жазалау тәжірибесі шамамен бірдей деңгейде, – деп атап өтті Павлодар облыстық сотының судьясы Инна Каркада @pavlodar.rsk алаңында. – 36 пайызы нақты бас бостандығынан айыру жазасына, ал қалғандары айыппұл төлеуге немесе бас бостандығын шектеуге сотталған. Айта кетерлігі, салынған айыппұлдың жалпы сомасының 97 пайызы өтелген. Бұл 72 миллион теңгеден астам.

Өңірдегі түрмедегілер санын азайту мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан заңсыз бас тартуды жою шаралары қолға алынған. Өткен жылы Павлодар облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштердің 59 пайызы – түскен 574 өтініштің 341-і қанағаттандырылған. Бүгінгі күні ол үшін сотталғанның заңда белгіленген жазасының бір бөлігін өтеуі, ешқандай қасақана заң бұзушылықтары болмауы және келтірілген зиянды толық өтеуі жеткілікті.